Атом - үздіксіз энергия көзі. Сондықтан Қазақстанда атом электр станциясын салу ел ертеңі үшін маңызды қадам. Қазірдің өзінде елімізде электр энергиясы тапшылығы айқын байқалып отыр. SARAP» эксперттік клубының «Жолдау 2024: азаматтардың саяси қатысуы және әлеуметтік әділет» атты аймақтық жиынына келгендер бірауыздан осындай пікір білдірді. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Түркістанда өткен талқылауға аймақтың қоғам белсенділері, экологтар, сондай-ақ елімізге белгілі энергетика және ядролық физика саласының мамандары қатысты.