Түркістан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді. Былтыр бұл бағытта өңірге 19 миллиард 800 миллион теңге қаржы бөлінген. Байыпты бастама ауыл-аймақтағы тұрғындардың кәсіп ашуына мол мүмкіндік береді. Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Сауран ауданына барып, ауыл кәсіпкерлерінің жұмысымен танысты.