Тамара Дүйсенова Қазығұртта

78
13.09.2024 21:02

Түркістан облысының тұрғындары медициналық көмектің сапасыздығына жиі шағымданады. Бұл үлкен мәселе. Өйткені Үкімет ел тұрғындарының өмір сүру сапасы мен денсаулығын жақсарту үшін барлық жағдайды жасап келеді. Қазығұрт ауданына барған Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова осылай деді. Бүгінде Түркістан облысында 49 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысандарының құрылысы жүріп жатыр. Вице-премьер Махамбет Өтемісұлы ауылында салынып жатқан емхана мен аудандық орталық аурухананың жұмысымен танысты. Жергілікті дәрігерлермен тілдесті. Мамандардың сөзінше, онда халыққа сапалы қызмет көрсету, жайлы жағдай жасауға ден қойылған. Дегенмен облыс бойынша, 240 біліктілігі жоғары маман керек екен.