Түркістан
EN

Рахат Қамбаров теңге ілуден алтын жүлде алды

191
13.09.2024

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында теңге ілуден ұлттық құрама спортшысы Рахат Қамбаров алтын жүлдеге ие болды. Ол қос құлаш стилінде бақ сынап, жеңімпаз атанды. Айта кетсем, бүгін - бір аптаға созылған бесінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының соңғы күні. Қазір медаль жиынтығы бойынша Қазақстан көш бастап тұрса, Қырғызстан 2-орында келе жатыр. Ал, үздік үштікті Өзбекстан түйіндеп тұр. Жалпы, бұл додада  спорттың 20 түрінен 110 медаль сарапқа салынуда.