16 мыңға жуық қазақстандықтың несиесі кешірілді. Оларды құзырлы орган банкрот деп таныған. Осылайша тұрғындар банктер алдындағы 36,3 млрд теңгенің берешегінен құтылды. 2023 жылдың наурыз айында банкроттық заң туралы қабылданғалы 100 мыңнан астам өтініш түскен. Айта кетейік, қарызы көбейгендер соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру бағыттарын таңдай алады. Бұл процесс алты айға созылады. Оның барысында борышкердің және оның жұбайының шотта ақшасы немесе мүлігі бар ма, жоқ па, барлығы тексеріледі.