Түркістан
EN

Түркістан облысының әкімі «Чанъань» инвестициялық компаниялар тобы өкілдерімен кездесті

170
13.09.2024

 Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытайдың «Чаньань» инвестициялық компаниялар тобы өкілдерімен кездесті. Делегация құрамында су ресурстарын басқару, ауыл шаруашылығы саласындағы ірі компаниялардың өкілдері болды. Онда шетел делегациясы тарапынан бірнеше жобалар ұсынылды. Ең алдымен, халық сұранысына сай салаларға басымдық берілген. Өз кезегінде, инвесторлар жарықтандыру, таза ауыз судың қолжетімділігін арттыру және шөлді аймақтарды көгалдандыру жолымен жерді қалпына келтіру бойынша ұсыныстар айтты. Кездесу барысында, аймақ басшысы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.