Түркістан облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова келді. Аймақтағы әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысып, мердігер компания басшыларымен кездесті. Сондай-ақ облыс орталығындағы бірқатар білім мекемелеріне ат басын бұрып, цифрлық жүйелерді қолданысқа енгізу деңгейін тексерді.