Алматы облысында автобус көпірден шығып кетіп, көлік үстіне құлады. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде желдей есті. Ал полиция департаменті жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Анықталғандай, жүргізушісі «Алматы-Бішкек» тас жолының 25 шақырымында келе жатып, кері бұрылмақ болғанда, рөлді басқара алмай қалған. Сосын қоршауға соғылып, кейіннен құлап кеткен. Абырой болғанда, апат салдарынан ешкім құрбан болған жоқ. Полиция мәліметіне сәйкес, автобус жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған. Ал көліктер арнайы автотұраққа орналастырылды.