Елімізде соңғы кездері әскери бөлімдерде әлімжеттіктің кесірінен сарбаздардың мүгедек болып, тіпті тірі қайтпай жататын жәйттер жиіліп кетті. Ресми дерекке сүйенсек, 3 жыл 9 айда Ұлттық ұлан қатарындағы 58 әскери қызметші қайтыс болыпты. Оның 11-і қатардағы сарбаз болса, қалғаны офицерлер мен келісімшарт бойынша қызметшілер. Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары Қайрат Үмбетовтың дерегінше, осы уақыт аралығында 29 әскери науқастанып өмірден озған. Мұнан бөлек, тағы бір әскери қызметші үйінде тоқ соғып мерт болған.