Үш аудан орталығы немесе 27 мектеп тұтынатын электр энергиясын босқа құртты. Қостанай облысында лицензиясыз, заңсыз «Bitcoin» өндірген майнерлер ұсталды. Тінту кезінде 150-ге жуық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен, оларды салқындатуға арналған құрылғылар, Wi-Fi роутерлер, ұялы телефондар мен ноутбуктер тәркіленді. Күдіктілердің қаржы айналымы 100 млн теңге шамасында.