Түркістан
EN

Жаңа штамм әлемнің 23 елінде анықталды

122
03.12.2021

Короновирустың жаңа штамы «Омикрон»  өршіп барады. Себебі  қауіпті вирус әлемнің жиырмадан астам елінен анықталып отыр. Мамандардың айтуынша бұл көрсеткіш тағы да артуы мүмкін. Инфекцияның Оңтүстік Африкадан табылуына байланысты бірнеше мемлекет аталмыш аймаққа әуе қатынастарын тоқтатқан болатын. Дегенмен Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының мәліметінше мұндай тыйым салулар ковидің таралуына тосқауыл бола алмайды. Айта кетсек вакциналау деңгейі жоғары болғанымен  Еуроодаққа мүше  елдерде вирус жұқтыру дерегі көптеп тіркеле бастаған еді