Түркістан
EN

АЭС энергия тапшылығынан арылтады

89
12.09.2024

Елде АЭС салу төңірегіндегі мәселе біраз уақыттан бері талқыланып келеді. Мұның бәрі болашақта энергия тапшылығынан арылу тұрғысынан туған жайт. Қазір әлемде 440 реактор бар. Олар қоршаған ортаға көмірқышқыл газын шығармай, климаттық дағдарыстың алдын алуға орасан зор үлес қосуда. Бұдан бөлек АЭС құрылысы жаңа жұмыс орындарын ашып, ғылыми-техникалық сектор мен инновациялардың дамуына да серпін бермек. Мүмкіндікті оңтайлы пайдаланып, АЭС-тің игілігін көріп жүрген елдер көшін АҚШ, Қытай және Франция мемлекеттері бастап тұр.