Солтүістікке қоныс аударушылардың ақшасы талан таражға түсті. «Солтүстікке көш» бағдарламасына бөлінген 1 млрд теңге қолды болған. Прокуратура анықтауынша қоныс аударушылар болып жалған адамдар есепке алынған. Ал кей азаматтарға тұруға жарамсыз немесе апатты ғимараттар рәсімделген. Сорақысы сол кейбір жағдайларда азаматтар өздерінің құжат бойынша қоныс аударғанын да білмеген. Сондай-ақ, мемлекеттік көмекті алу үшін жалған шарттар жасап, одан кейін бұл қаражатты бөліскен. Одан әрі азаматтар бұрынғы мекенжайларында тұра берген. Жалпы прокурорлар осындай 20 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін бастады. Нәтижесінде алаяқтыққа қатысы бар азаматтарды анықтап, олар жауапкершілікке тартылуда. Келтірілген залалды өтеу шаралары жүріп жатыр.