Елімізде 5 мың 700 қазақстандық кәсіп ашуға грант алды. Қайтарымсыз қаржының 4 мыңға жуығы технологиялық жабдықтарды жаңартуға, 2 мыңнан астамы мал шаруашылығына жұмсалыпты. Грант алғандардың дені көп балалы отбасы мүшелері мен мүгедектігі бар азаматтар. Жалпы бизнес қолдау маусымына 30 мыңнан астам өтініш келген. Тұрғындар 2 лек бойынша құжат тапсырды. Ең көп өтінім Түркістан облысынан. Өңірден 5 мың 400 адамнан өтінім түскен, ал Қызылорда мен Жамбыл облыстарынанан 3000 нан астам тұрғын грантқа қол жеткізді.