Түркістан облысындағы Шақпақ баба асуында салынып жатқан еліміздегі алғашқы автомобиль туннелінің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Жерасты өткелі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі үшін маңызды нысан. Себебі елдің көлік транзиттік әлеуетін арттырудан бөлек, жүргізушілерге Шақпақ баба асуында боранды күндері қар құрсауында қалып кетпеуіне жағдай жасайды.