Түркістан
EN

Сайрам ауданында ретсіз сауда мен заңсыз мал айналымына тосқауыл қойылмақ

92
12.09.2024

Түркістан облысының Сайрам ауданында ретсіз сауда мен заңсыз мал айналымына түбегейлі тосқауыл қойылмақ. Басты мақсат халықтың сапалы әрі таза етпен қамтылуы дейді жауаптылар. Сондықтан Орталық Азиядағы ең үлкен мал базары атанып кеткен Қарабұлақ ауылына кіретін негізгі алты бағытқа қазір блок-посттар қойылған. Онда арнайы тағайындалған комиссия мүшелері ауылға кіретін әрбір түлікті жіті тексеріп, қадағалауда.