1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер айыппұл арқалайды. Мереке күні Республиканың барлық аймақтарында полицейлер рейдке шықты. Олар жүргізушілерді тоқтатып құжаттарын ғана емес, дөңгелектерін де тексеруге кірісті.
Ереже бойынша қыстың бірінші күнінен бастап кез келген техника қысқа әзір болуы тиіс. Тіпті барлық маусымға жарамды деген дөңгелектермен жүруге де тыйым салынған. Ережені елемегендер 15 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс.