Түркістан
EN

Түркістан облысында 500 шақырым арық тазаланды

40
12.09.2024

Түркістан облысында 1100 шақырым арық атыз толып, тазалауға тура келген. Бүгінде оның 500-ге жуық шақырымы әкімдіктер тарапынан тазаланды. Сондай -ақ, Ордабасы, Сауран, Қазығұрт, Шардара, Сайрам аудандарындағы 9 су нысанының 96 шақырымын күрделі жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда 58 шақырымы жөнделді. Шардара ауданының 6 ауыл округінде ұзындығы 958 шақырым болатын қашыртқылардың 1025 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілген. Ал жалпы биыл облыс бойынша егістікке 817 млн текше метр жоспарлы ағын су лимиті бекітіліп, бүгінгі таңда босатылған су көлемі 632 млн. текше метрге жетіпті.