Қазақстан ұлттық құрамасы көш бастап тұр. V Дүниежүзілік ойындарының үшінші жарыс күнінде 6 алтын, 7 күміс, 8 қола жүлде жеңіп алды. Жалпы есепте ел қоржынында 27 алтын, 17 күміс, 25 қола жүлде бар. Құрама медальдар санын тағы да ұлғайта түспек. Себебі ел спортшылары көкпар мен көкбөрі ойындарының финалдық кездесуіне жолдама алды. Қос ойында да Қырғызстандық саңлақтармен кездеседі. Жалпы турнирлік кестеде 69 медальмен Қазақстан көш бастап тұр. Өзбекстан 32 медальмен екінші орынға жайғасқан. Ал қырғызстандықтарда 38 жүлде бар.