Түркістан
EN

Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауда өскен

2
12.09.2024

 Биыл 7 айда Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8%-ға өскен. Яғни  16,8 млрд долларға жетіп отыр. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Қытайға іс сапарында айтылды. Министр Нанкин қаласында бой көтерген «Орталық Азия-Цзянсу» сауда орталығының ашылуына қатысты. Бұл көп қабатты нысан Орталық Азия елдерінің ішіндегі ірі платформалардың бірі. Орта есеппен алғанда жыл сайын Цзянсу 266,8 млрд доллардан астам сомаға өнім импорттайды. Қос тарап бірлескен сауданы одан әрі дамытуға ниетті екендіктерін жеткізді.