Үкімет басшысы ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді

48
11.09.2024 20:45

Зорлық-зомыбылық жасағандарға жаза күшейтіледі. Енді кәмелетке толмағандардың құқығын бұзып, қорлағандар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкіметтің ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды. Бұған дейін жасөспірімдерге зиян келтірген қаскөйлер 20 жылға сотталатын. Ал премьер-министр азаматтардың дербес деректерін бөгде адамдарға қасақана бергендерді жауапқа тарту қажет дейді. Яғни, банк шоттары, карталар, жеке куәлік деректері және телефон нөмірлерін тарату қылмыс саналуы мүмкін. Үкімет басшысының айтуынша, мұндай қылмыстардың көпшілігі шетелде жасалады. Алайда оларды заңдағы олқылықтарға байланысты жазалау қиынға түсіп отыр. Дегенмен елімізде жыл басынан бері интернет алаяқтыққа қатысты біршама қылмыс ашылыпты.