Түркістан
EN

Есірткінің заңсыз айналымына қатысты 423 дерек тіркелді

91
11.09.2024

Өткен жылы елімізде 1 тоннаға жуық синтетикалық есірткі тәркіленген. Тек Түркістан облысында алғашқы жартыжылдықтың өзінде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 423 дерек тіркеліпті. Бұл халқымыздың денсаулығына, ұлттық тегімізге, экономикамызға, құқықтық тәртіп пен мемлекеттік қауіпсіздігімізге үлкен қауіп. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев айтты. Есірткі бизнесін құрықтау бойынша шараларды күшейту қажет деген халық қалаулысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке депутаттық сауал жолдады.