Түркістан
EN

Мәжіліс депутаты киіктерге қатысты депутаттық сауал жолдады

60
11.09.2024

Бүгін мәжіліс отырысында Абзал Құспан  еліміздің бас прокуроры Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады.  Бұл жолы халық қалаулысы жазықсыз жазасын өтеп жатқандар туралы айтты. Сөзінше еліміздегі бірнеше азаматқа киіктің дереваттары үшін әділетсіз үкім шыққан. Мәжілісменен көмек сұраған қарапайым ауыл тұрғындары киіктің мүйіздерін  сақтап, сатып, тасымалдаумен айналысқан көрінеді. Бірақ жануарды атып, обалына қалған броконерлер әлі күнге дейін бостандықта жүр екен. Сондықтан шешім шығаратын жауапты өкілдер осындай заңбұзушылықтың ара жігін ажыратып, қылмыстың ауырлығына қарай шешім шығарса,-дейді депутат. Бірақ ол үшін кодекске өзгеріс енуі керек.