Түркістан
EN

Қазақстанда сотталған 14 мыңнан астам азамат рақымшылыққа ілінеді

158
03.12.2021

14 мыңнан аса адам рақымшылықтың шарапатын көреді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған игі істі бүгін сенаторлар мақұлдады. Рақымшылыққа сотталған ардагерлер, кәмелетке толмағандар, жасы үлкендер, бірінші және екінші топ мүгедектері, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдар ілігеді. Айта кетейік, қазір түзеу мекемелерінде 34 мың адам жазасын өтеп жатыр. Оның 45 пайызы осыған дейін де істі болғандар. Тағы 4 мыңына қатысты тергеу жүргізілуде. Ауыр, аса ауыр, террористік және экстремистік қылмыс жасағандарға бұл бастаманың қатысы жоқ. Енді құжатқа Президент қол қойса, 6 ай ішінде жүзеге асырылады.