Өз үйінде арыстан бағып, құс асыраған. Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғынынан сирек кездесетін жануарлар мен құстар тәркіленді. Ол ауласында бір арыстан, екі бүркіт, сұңқар, екі үкі және екі кекілік құсын асыраған. Полицейлерге берген жауабында, ер адам жабайы аңдарды өз қажеттілігі үшін торда ұстағанын айтыпты. Қазір бұл жануарлар Шымкент қаласындағы зообаққа жіберілді. Ал ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.