Түркістан облысындағы «Орда» полигонында «Шексіз бауырластық» оқу-жаттығуы басталды. Қарулы күштер дайындығына 6 елдің арнайы мақсаттағы бөлімшелері келген. Оның қатарында Әзербайжан, Қазақстан, Қатар, Пәкістан, Түркия және Өзбекстан сарбаздары бар. Сондай-ақ Иордания мен Қырғызстан өкілдері бақылаушы ел ретінде шақырылды. Оқу-жаттығудың бірінші кезеңінде қатысушылар тиісті нұсқаумен танысып, өздерінің жауынгерлік тапсырмаларын зерделеуге кірісті. Бағдарламаға сәйкес тактикалық-атыс, парашют және тау дайындығы бойынша сабақтар жүріп жатыр.