Түркістан
EN

Талдықорғанда мыңнан астам вейп тәркіленді

22
11.09.2024

Талдықорғанда құқық қорғау органдары санкцияланған тінту кезінде мыңнан астам вейп тәркіленді. Жедел іс-шара барысында заңсыз сауда жасаған екі ер адам ұсталды. Олардың бірі 18 жастағы курьер болса, енді бірі 22 жастағы сатушы. Табылған тауардың жалпы сомасы – 7млн теңге. Бүгінде Жетісу облысы полиция департаменті  қылмыстық іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.