Теміртауда жылу құбыры жарылып, көшелерді ыстық су басты. Салдарынан көлік қозғалысы тежеліп, жаяу жүргіншілер буы бұрқырған суды кешіп жүруге мәжбүр болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қала әкімдігі аталған оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, жауапты мекеме апат салдарын жоюға кіріскенін жеткізді. Айтуларынша "Оқжетпес-Т" компаниясы қалада жылу желілерінің жылыту маусымына дайындығын тексерген және ол туралы қала тұрғындары алдын-ала ескертілген. Сынақ кезінде жүйеде ақау шығып, апатты жағдай тудырыпты.