Түркістан облысында жаңа тұрғын үй кешені мен туристік нысандар салынады. Оған қоса өңірдегі спорт саласын дамытуға арналған бірнеше ғимарат бой көтермек. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен өткен мәжіліс отырысында айтылды. Жиында 14 жоба талқыға түсіп, сәулетшілер мен жауапты мамандардың сараптауынан өтті. Алдағы уақытта қолға алынатын құрылыс нысандарының сапасы мен сәулеті жауаптылардың тұрақты бақылауында болмақ.