Түркістан
EN

Қазақстан Хунань провинциясымен сауда-инвестициялық ынтымақтастықты күшейтуге ниетті

2
11.09.2024

Қазақстан Қытаймен сауда-инвестициялық ынтымақтастықты күшейтуге ниетті. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Аспан асты еліне жұмыс сапарын Хунань провинциясынан бастады. Онда өңір губернаторы Мао Вэйминмен кездесті. Қытайлық компаниялар металлургия, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, машина жасау және энергетика салаларында жұмыс істеуге қызығушылығы жоғары. Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Хунань провинциясы арасындағы сауда мен инвестиция көлемін арттыруға ниетті екендіктерін жеткізді.