Дүбірлі той өтіп жатқан сияқты. Көшпенділер ойынында өнер көрсеткен Түркістандық жерлестерімізге қала қонақтары осылай деп пікір білдірді. Олар бүгін елордадағы этно ауыл кешешінінде өнер көрсеткен болатын. Бас қалада киіз тігіп, ұлттық дәстүрімізді көрсеткен әртістерімізді көпшілік ыстық ықыласымен қабылдаған көрінеді. Бас қалада өткен концерттік бағдарламада әуелі Отырар халық театры, «Саялы Сарыағаш» фольклорлық ансамблі ұжымы өнер көрсетті. Онымен қоса шаһарда «Түркістаным-тұраным» атты гала концерт өткізіліп, әсем ән шырқалды.