Еліміз бойынша білім беретін ұйымдардың асханасы түгел тексеріледі. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бекіткен нормаға сәйкес, оқушыларға берілетін тамақ майлы да, сонымен қатар құнарсыз да болмауы тиіс. Сондай-ақ асхана сөресінде тәтті сусындар мен зиянды тағам сатылуына жол берілмейді. Алайда еліміздегі асханалар желісін жеке кәсіпкерлер жүргізетінін ескерсек, бұл жағы қалай қадағанар екен? Шұғыла Ғалиқызы зерттеп көрді.