Түркістан
EN

Түркістан облысының полицейлері қарызы бар жүргізушілерді анықтады

83
10.09.2024

Түркістан облысында өтелмеген қарызы мен айыппұлы бар жүргізушілер анықталды. Өңір полицейлері Жетісай – Сарыағаш тасжолында рейдтік жұмыстар өткізген. Тексеру барысында тәртіп сақшылары ВАЗ көлігін тоқтатқан. Сүйтсе оның 4 миллион теңгеден астам несие қарызы мен айыппұлы бар екені анықталыпты. Сондай-ақ, тағы Opel Vectra автокөлігінің жүргізушісі 1 миллион теңгеден астам қарызын төлемеген болып шықты. Полицейлер көлік иелеріне салынған айыппұлдарды уақытылы төлеу мен жол ережесін бұзбау қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жасады. Ал темір тұлпарлар айыптұраққа қойылды.