Түркістан
EN

Маңғыстаудағы инфекциядан зардап шеккен 17 бала ауруханадан шығарылды

99
10.09.2024

Маңғыстаудағы инфекциядан зардап шеккен 17 бала ауруханадан шығарылды. Олардың бәрі де үйде болса да дәрігерлер бақылауында болады. Барлығының жағдайы жақсы. Стационарда 75 бала емін жалғастыруда, олардың да жағдайы тұрақты дейді. Жан сақтау бөлімінде науқастар жоқ. Ауру шыққан 6 – қыркүйектен бастап, облыстың медициналық мекемелерінде 460 бала дәрігерлерге қаралған. Сосын олардың 92-сі ауруханаға жатқызылған. Мұны Үкімет басшысының өзі бақылауына алған болатын. Осылайша бүгін министрдің тапсырмасымен өңірге денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев барды. Балалар тез сауығып кетуі үшін көмекке Астана медициналық университетінің инфекционист секілді мамандары келген.