Түркістан
EN

Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жалғасып жатыр

65
10.09.2024

Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жалғасып жатыр. Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық қыз-жігіттер 25 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты. 25 жүлденің 14-і алтын болса, 3-еуі күміс және 8-і қола. Екінші орынға Қырғызстан құрамасы жайғасты. Айырқалпақты ағайындар 14 медаль жеңіп алды және оның 3-еуі алтын. Ал жалпы есептегі алдыңғы үштікке Ресей командасы кірді. Олардың еншісінде де 3 алтын бар. Одан кейінгі орындарда Өзбекстан, Франция, Әзербайжан, Моңғолия, Венгрия, Грузия және Үндістан елдері тұр. Бүгін көкпар, Көкбөрі, Тоғызқұмалақ және асық атудан іріктеу бәсекелері жалғасады. Ал Қазақ күресі, Садақ ату, Кураш, Аударыспақ, Жамбы ату және Мас-рестлинг бағыттары бойынша кезекті медальдар жиынтығы сарапқа салынады.