Түркістан
EN

Астанада Мәдениет басқармасының экс-басшысы ұсталды

63
10.09.2024

Астана қаласы мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы қамауға алынды. Болат Мажағұлов аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген. Бүгінде қаржылық мониторинг агенттігі экс шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Олардың айтуынша, елордадағы субұрқақты салу кезінде бірнеше олқылық анықталған. Мәселен, нысан жобалық құжаттамасыз және мемлекеттік сараптамадан өтпей салынып, құрылыс барысында техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін сапасыз материалдар қолданылған. Нәтижесінде субұрқақ 2017 жылдан бастап жұмыс істемей, қазіргі таңда апатты жағдайда тұр. Ал, ұрланған қаражаттың көлемі 1 млрд теңгеден асады.