Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, еңбек ері Кенжебек Есмұрзаұлының ескерткіш-бюсті ашылды. Қанды қырғында алдыңғы шепте шайқасып, елге жеңіспен оралған азаматтың білім жолында еселі еңбек еткені де ел есінде. Майдангердің ұл қыздары Хакім Абай мұражайында әке рухына тағзым етіп, ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімін өткізді.
Еңбек ерінің биыл торқалы 97 жылдығы. Төлеби ауданының білім саласында қажырлы еңбек еткен азамат қызмет жолында талай шәкірт тәрибелеген. Тағылымды шараға ұлағатты ұстаздың алыс-жақындары көзін көргендер мен шәкірттері қатысып өнегелі өмір жолынан сыр шертті.