Қарағандыда полицияның арнайы жасағы түнгі клубтардың біріне операция жүргізді. Нәтижесіде 40 травматикалық патрон тәркіленіп, мефедрон сатқан адам ұсталған. 30 жастағы күдікті клуб қызметкері болып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, ол мекеменің клиенттеріне ұзақ уақыт бойы синтетикалық есірткі сатып келген. Осыған байланысты күдіктінің пәтері де тексеріліп, түрлі есірткі заттары табылды. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, жан жақты тергеу басталып кетті.