Мемлекет басшысы Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Олжас Бектенов еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, егін орағы және су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндады. Үкімет басшысының айтуынша, биыл өңдеу өнеркәсібі және құрылыс саласы экономикалық дамудың негізгі факторына айналған. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында да айтарлықтай өсім бар.