Түркістан облысында өткен жылыту маусымында 201 өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан 1 адам жарақат алып, 4 тұрғын қайтыс болды. Алдағы жылыту маусымында мұндай олқылықтарға жол бермеу үшін аймақта профилактикалық іс-шаралар жоспары түзіліп, өрттің алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Нұрболат Педен мәлімдеді. Оның айтуынша аймақта үй-үйді аралап, халықты сақтыққа шақыру жұмыстары жүріп жатыр.