Саябақта жұмыс істейтін жылқылардың иесі жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін жазаланды. Әлеуметтік желіде таралған видеоны тәртіп сақшылары көріп қалған. Кадрларда ер адамның атқа мініп алып, жол бойымен шауып бара жатқанын көруге болады. Ол жылқыға пониды байлап қойған. Аласа бойлы жануар үлкен жылқыға әрең ілесіп келеді. Құқық бұзған азамат әкімшілік кодекстің бабы бойынша жауапқа тартылды. Сондай-ақ оған айыппұл салынады.