Түркістан
EN

Бір жылда жасөспірімдер арасында 224 жанжал болған

174
02.12.2021

Түркістан облысында жыл басынан бері 224 жасөспірімдер арасындағы жанжал болған. Кибербуллинг пен әлімжеттіктің де көрсеткіші мәз емес. Бұл туралы Түркістан қаласында өткен «Ата-аналар» форумында сөз болды. Іс-шараға облыстың әр ауданынан ата-аналар комитетінің мүшелері қатысты. Осы өзекті мәселелердің алдын алу бойынша «Ел ертеңі - жас ұрпақ» жобасы басталған еді.

3 ай ішінде аталған жоба аясында шалғайдағы ауылдарда түрлі семинарлар өтті. Ал психологтар балалар арасындағы ең үлкен проблема- ата-аналарының оларға көңіл бөлмеуінен туындайды, дейді. Бұған дейін өңірде мұндай форум өтпегенін ескерсек, жан-жақтан келген ата-аналар өз балаларымен арасындағы жағдайларға талдау жасауға зор мүмкіндік алды.