Түркістан
EN

Елімізде ойын бизнесі мен лотереяларды реттейтін комитет құрылды

68
09.09.2024

Қазақстанда ойын бизнесі мен лотереялардың жұмысын реттейтін комитет құрылды. Енді туризм және спорт министрлігінің құрамына 3 комитет кіретін болады. Атап айтар болсақ, туризм индустриясы комитеті, спорт және дене шынықтыру мәселелері комитеті және ойын бизнесі мен лотереяларды реттеу комитеті. Комитеттің функцияларына ойын қызметтері мен оларды пайдаланушылар туралы ақпарат жинау, салалық мәселелерді жедел шешу және заңнаманы сақтау кіреді.