Түркістан
EN

Үкімет Маңғыстау облысындағы балалардың улану жағдайын өз бақылауына алды

97
09.09.2024

Маңғыстау облысындағы балалардың улану себебін тексеру ел Үкіметінің бақылауына алынды. Премьер-Министр Олжас Бектенов жағдайға байланысты денсаулық сақтау, оқу-ағарту министрлерін, Маңғыстау облысы әкімінің есебін тыңдады. Қазір 83 бала ауруханада жатыр, екеуі жансақтау бөлімінде. Жалпы 460 бала дәрігердің бақылауында. Оқушылардың жағдайы тұрақты. Барлығына қажетті медициналық, психологиялық көмек көрсетілуде. Одан бөлек,  Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Кінәлілер жауапқа тартылады. Сондай-ақ үкімет басшысының тапсырмасымен 1 ай ішінде республикадағы барлық мектептердің асханаларында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізіледі.