Жетісайлық Қанат Бектұрсынов 8 перзенттің әкесі. Көпбалалы әке аудандық полиция бөлімінде қызмет етеді. Ол күн сайын 102-ге хабарласқан тұрғындардың арыз-шағымдарын тіркеп, оқиға орнына жедел-тергеу тобын жібереді. Жауапкершілігі мол жұмысты атқарып жүргеніне биыл 16 жыл. Темірдей тәртіпке бағынған полицей 7 қыз бен 1 ұлдың әкесі, аяулы жар, адал дос. Бос уақыт табыла қалса жанұясының жанынан табылады. Басты арманым-перзенттерім де еліне адал қызмет етер азамат болса дейді полицей.