Түркістан
EN

Атырауда екі жасар қыз әкімдік қазған үш метрлік шұңқырға түсіп кетті

25
09.09.2024

Атырауда 2 жасар сәби тереңдігі 3 метр шұңқырға түсіп кетті. Бүлдіршіннің ата-анасы бірден құтқарушыларды көмекке шақырыпты. Баланы аман алып қалуға өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі тәуекел етіп, шұңқырға басымен төмен түскен. Әріптестері оны жіп арқылы аяғынан ұстап тұрған. Ер азамат қызды аман-есен алып шығып, ата-анасына табыстады. Анықталғандай, шұңқыр бағана орнату үшін қазылыпты.