Түркістан
EN

Маңғыстауда тамақтан уланған балалардың жағдайы белгілі болды

18
09.09.2024

Маңғыстау облысында тамақтан уланған балалардың жағдайы қалыпты. Бұл туралы облыстық Білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева айтты. Оқиға Бесшоқы ауылының №8 мектебінде болған. Жауаптылар ата-аналарға балаларын үйде өз бетінше емдемей, дәрігерге апаруды ескертеді. Қазіргі уақытта іш ауруы, дене температурасының жоғарылауы туралы шағымдары бар 67 бала көмекке жүгінген. Ал әлеуметтік желіде уланған балалардың саны 92-ге жетті деген ақпарат тарады. Бесшоқы ауылының тұрғыны уланған оқушыларды ауруханаға жатқызу үшін жедел жәрдем вагондарының тапшылығы туралы бейне түсірген. Айтуынша, арнайы көлік тек бір науқасты ғана тасыған.