Түркістан
EN

V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталды

3
09.09.2024

«Көшпенділер жаһандық даму үдерісіне түбегейлі өзгеріс әкелді, сол замандағы озық технологияның иесі болды.» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында осылай деді. Сондай-ақ президент сайыстың маңыздылығына тоқталды. 14 қыркүйекке дейін жалғасатын сайысқа 100 мыңнан астам турист келуі мүмкін. Ал оның ашылу салтанатының өзіне-ақ 30 мыңнан астам адам жиналды.