Ал Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында 51 отбасы үйлі болды. Көктемгі су тасқынынан кейін баспанасыз қалған тұрғындарға бүгін пәтер кілті салтанатты түрде табысталды. Үш бөлмелі үйлердің ауданы – 80 шаршы метрден. Апаттан кейін эвакуациялық пункттер мен тума-туысының үйін паналап келген халықтың қуанышында шек жоқ.