Енді түркістандық оқушылар автобуста жеңілдікпен жүреді. Яғни, 7 жастан 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары карта арқылы автобус жол ақысының жартысын ғана төлеу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ шаһардағы жекелеген санаттағы азаматтардың қоғамдық көлікте тегін жүру мәселесі бойынша да жаңа жоба әзірленіпті.